Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«Эксперт РА Қазақстан» рейтингілік агенттігі БТА Банкінің топ-менеджментін қайта құрылымдауды ойдағыдай аяқтағаны үшін марапаттады

23.11.2010

Алматы, Астана, 23 қараша 2010 ж. – «Эксперт РА Қазақстан» рейтингілік агенттігінің «Эксперт-100-Қазақстан» рейтингісінің номинанттарын марапаттау барысында кредиторлар алдындағы берешегін қайта құрылымдау үдерісінде БТА Банкінің топ-менеджментінің жетістігі үшін «Қайта құрылымдауды ойдағыдай аяқтағаны үшін» атты марапатын ұсынды. Аталмыш рейтингтің номинанттарын марапаттау салтанаты 2010 жылдың 18 қарашасында Астана қаласында «Эксперт-100-Қазақстан» ІІ Экономикалық форумының аясында өтті.

«Эксперт РА Қазақстан» рейтингілік агенттігінің бас директоры Игорь Нуждиннің сөзіне қарағанда, «қайта құрылымдауды ойдағыдай аяқтағаны үшін» номинациясын іріктеу өте қарапайым түрде болды. «Біздің ойымызша, қайта құрылымдау үдерісін толық аяқтау үшін БТА Банкінің топ-менеджменті үлкен жұмыс нәтижесін көрсетті. Оның көлемі бойынша дағдарыс кезінде мұндай үрдіс ТМД аймағында мүлдем кездеспеген жағдай болып отыр. Бұл Қазақстан экономикасы үшін өте сирек шара болғандықтан біз БТА Банкінің менеджментіне осы марапатты ұсынуды жөн көрдік».

«Эксперт РА» Қазақстан» басшысы «Қайта құрылымдауды ойдағыдай аяқтағаны үшін» марапаты жылдан жылға құрамы өзгеріп отыратын бес жеке рейтингілік номинацияның бірі болып бірінші рет ұсынылып отырғанын ерекше атап өтті.

БТА Банкінің менеджментін марапаттау сегіз номинацияның бірі болды, оның ішінде сарапшылар (Тенгизшевройл ЖШС) «ірі рейтингілік компаниясын», сондай-ақ (ENRC Plc) «нарықтық капитализация бойынша» ірі компанияны және («НАТ Қазақстан АҚ») «ақпараттық технологиялар саласындағы компанияларды таңдады. Сонымен қатар («Разведка Добыча «ҚазМұнайГаз» АҚ) «бірігу мен түсіністік нарығында ең белсенді қатысушысы, (Қазақстанның даму Банкі» АҚ) жылдамдатылған индустриялық-инновациялық даму аясындағы ірі қаржы институты» және («Жинақбанкі» Еншілес банкі» АҚ) «ең ширақ банкі» деп таңдалды. «Атемекен-Агро» АҚ-на «агроөнеркәсіптік сектордағы жаңа технологияларды қолданғаны үшін» деген жеке жүлде берілді.

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 24 26, 261 89 28
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz