Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің Қызмет көрсету желісінде автокөлікті техникалық бақылау үшін сақтандыру, салық және мемлекеттік баж төлемдерін төлеңіз

29.11.2010

Құрметті автокөлік иелері!

2010 жылғы 31 желтоқсанға дейін барлық автокөлік иелері жыл сайын техникалық бақылаудан (ТБ) өтуі және ағымдағы жылдың көлік салығын төлеуі тиіс. Егер сіз оған үлгермесеңіз, өкінбеңіз: БТА Банкінің кез келген бөлімшесі, сонымен қатар Cash&Pay төлемдік терминалдар және БТА Банк интернет-банкингі арқылы төлем бойынша қызметтердің толық жинағын пайдалана аласыз:

  • Міндетті немесе ерікті сақтандыру полисінің құнын
  • Автокөлік салығы
  • ТБ өту үшін мемлекеттік баж
  • ТБ өту актісінің құны

Сақтандыру полисі

Автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жыл сайын міндетті сақтандыру полисі (АҚММ) – бұл жүргізу құқықтарымен және техникалық төлқұжаттармен қатар, жол полициясы қызметкерлерімен сұралатын құжат. Осы полистің құны ҚР барлық сақтандыру компанияларында бірдей, себебі сақтандыру сыйақысының өлшемі есеп-айырысудың бірыңғай әдісі бойынша есептеледі.

БТА Банкінде келесі сақтандыру компанияларының полис құнын төлеуге болады:

  • «Астана-Финанс»
  • «Лондон-Алматы»
  • «Номад-Иншуранс»
  • «БТА Страхование»

Автокөлік салығы

Автокөлік салығын төлеу оңайлату және ыңғайлы болу үшін біздің калькуляторды пайдаланыңыз. Жеке тұлғалар үшін автокөлік салығы бойынша бюджеттік жіктеме коды – 104402.

ТБ өту үшін мемлекеттік баж

Автокөлік иелері мемлекеттік бажды төлегеннен кейін жыл сайынғы техникалық бақылаудан өте алады (бюджеттік жіктеу коды – 108120). 2010 жылы осы баж мөлшері 706,5 теңгені құрайды.

ТБ өту актісі

Автокөлік құралдарының техникалық бақылауынан өту туралы актісін алу үшін осы автокөлік иесі «Дана» ЖШС пайдасына 245 теңге мөлшерінде комиссияны төлеуі тиіс.

Бөлімшелер және БТА Банкінің баламалы қызмет көрсету арналары арқылы төлем жүргізу тарифтері

Төлем

Қызмет көрсету арнасы

бөлімшеCash&Pay төлем терминалдарыИнтернет-банкинг
Сақтандыру полисі

Тегін (сақтандыру компанияларының есебінен)

Көлік салығыКем дегенде 50 теңге
(филиал бойынша дифференцияланған)
Кем дегенде 30 теңге
филиал бойынша дифференцияланған)
100 теңге
ТБ мемлекеттік баж
ТБ өту актісі («Дана» ЖШС) 50 теңге50 теңге-

 

Есте сақтаңыздар: Мемлекеттік техникалық бақылаудан өтпеген көлікті басқару үшін әкімшіліктік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексіне сәйкес 5-7 есептік айлықтық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жауапкершілік қарастырылған.