Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
Visa төлем карталарына қызмет көрсету
08.12.2010Төлем карталары арқылы есеп айырысулар әлдеқашан жаңалық болудан қалды және олар біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Бүгінде кез келген ірі сауда және сервис кәсіпорны тауарлар немесе қызметтер үшін төлем жасау кезінде өз клиенттеріне есеп айырысудың дәл осы оңай әрі қолайлы әдісін таңдауға мүмкіндік береді.
Төлем картасы арқылы төлем жасау мүмкіндігі сіздің клиенттеріңіз үшін - сервистің жоғары деңгейін, ал сіздің компанияңыз үшін – сіздің клиенттеріңіздің адалдығының жоғарылағандығын, сіздің компанияңыздың айналымының өсуін, нәтижесінде – сіздің пайдаңыздың өскендігін көрсетеді.
Сіздің клиенттеріңіз төлем карталары арқылы тауарлар немесе қызметтер үшін төлем жасауға ұмтылуы үшін және есеп айырысудың дәл осы әдісін таңдауы үшін, сіздің компанияңыз төлем карталарына қызмет көрсетудің жылдамдығы мен сапасын барынша жоғарылатуға тырысуы тиіс. Сонымен қатар, ол сіздің клиенттеріңіздің тарапынан наразылықты болдыртпауға және жүргізілген транзакциялардың дұрыстығы/бұрыстығы туралы олардың күмәнін сейілтуге көмектеседі.
Сіздің кассирлеріңіз Visa төлем карталарын қабылдаудың негізгі қағидаларымен және процедураларымен таныс болуы үшін, клиенттерге өте жоғары деңгейде қызмет көрсетуі үшін, төлем карталарымен жұмыс істеу кезіндегі тәуекелдіктерді азайтуы үшін, біз сіздердің назарларыңызға Visa компаниясы дайындаған арнайы үйрету фильмін ұсынамыз.
Егер осы фильмді тамашалау нәтижесінде сұрақтар туындаса, оларға жауап алу үшін БТА Банкіндегі өзіңіздің дербес менеджеріңізге хабарласуыңызға болады. Қажетті жағдайда сіз әрдайым Visa компаниясының қосымша оқу материалдарын ала аласыз.