Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
БТА Банкі желісінде «Эйр Астана» әуе билеттерін сатып алыңыздар
22.12.2010Саяхатқа жиналып отырсыз, бірақ әуе билеттерін сатып алу үшін «Эйр Астана» компаниясының офисіне баруға үлгірмей жатырсыз ба? Қам жемеңіз: осы компанияның телефоны арқылы сіз электронды әуе билеттерін оңай броньдай аласыз, ал олардың төлемін БТА Банкінің кез келген бөлімшесінде немесе «Cash&Pay» төлем терминалдарының желісі арқылы төлей аласыз.
Оны қалай істейміз?
1-қадам. Сіз «Эйр Астана» әуе компаниясының «Броньдау және ақпарат орталығына» +7 (727) 244-44-77 (Алматы үшін) немесе 58-44-77 (бұл нөмір Қазақстанның кез келген басқа қаласында пайдаланылады) нөміріне қоңырау шаласыз.
2-қадам. Орталықтың маманы сізге әуе билетін броньдаған соң, сіздің электронды поштаңызға немесе мобильді телефоныңызға SMS-хабарлама түрінде бронь нөмірін және төлемнің дәл сомасын жібереді (бронь нөміріндегі қателіктерді болдырмау үшін). Содан кейін Орталықтың маманы БТА Банкі желісінде әуе билетіне төлем жасау мүмкіндігі туралы Сізді хабардар етеді.
3-қадам. Броньдау орталығының маманы Сізге таяу жердегі БТА бөлімшесін таңдап береді. Броньдау орталығының маманы хабарлаған әуе билеті үшін сома броньдау күні ғана жарамды болады және кез келген басқа күні ол АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Егер сіз басқа күні төлем жасайтын болсаңыз, онда алдын-ала «Эйр Астана» әуе компаниясының «Броньдау және ақпарат орталығына» қоңырау шалып, төлем жасау күніндегі билет үшін соманы нақтылып алу керек.
4-қадам. Сіз өзіңізге қолайлы әдісті таңдап, билет ақысын төлейсіз. БТА төлемді бүкіл Қазақстан бойынша банктің кез келген бөлімшесінде қабылдайды. Билет сомасын төлеу кезінде бронь нөмірін, әуе билеті үшін төленетін дәл соманы, төлеушінің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірін және СТТН білу керек. Әуе билетінің құнына тәуелсіз, БТА Банкі бөлімшесінде төлем жасау кезінде төлем үшін комиссия 150 теңгені, «Cash&Pay»* төлем терминалы немесе Интернет-банкинг арқылы төлем жасау кезінде комиссия 50 теңгені құрайды.
5-қадам. Сіздің әуе билеті үшін жасаған төлеміңіз «Эйр Астана» әуе компаниясының шотына түскен жағдайда, БТА Банкінен келіп түсетін төлемдердің мониторингі үшін жауапты әуе компаниясының маманы тиісті хабарламаны алады. Осыдан кейін ол алынған мәліметтер негізінде әуе билетін толтырып, оны электронды пошта немесе факс арқылы сізге жібереді. Содан соң әуе компаниясының маманы сіздің броньдау кезінде көрсеткен нөміріңізге қоңырау шалып, электронды билеттің жөнелтілгендігі туралы сізді хабардар етеді.