Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«КазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы және БТА Банкі шартты банктік салымдар жөнінде келісімге қол қойды

22.12.2010

Алматы, 22 желтоқсан 2010 ж. – Бүгін БТА Банкі (бұдан кейін - «Банк») «КазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясымен (бұдан кейін - «КазЭкспортГарант») шартты банктік салымдар жөнінде келісімге қол қойғанын хабарлады. Бұл келісімнің мақсаты Бағдарламаның аясында қазақстандағы шикізаттық емес өнімді экспорттаушы кәсіпорындарға саудалық қаржыландыруды ұсыну болып отыр (бұдан кейін – «Бағдарлама»).

Аталмыш Бағдарлама Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған жедел индустриялды-инновациялық дамуы атты мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2010 жылы «КазЭкспортГарант»-пен дамытылды. Бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі шетел сатып алушылары тарапынан жеңілдік талаптарындағы сауданы қаржыландыруды ұсыну арқылы қазақстандық өнімге сұранысын ынталандыру болып табылады. Бағдарламаға Банктен өзге «Қазкоммерцбанкі» АҚ- да қатысуда.

Бағдарлама аясында сауданы қаржыландыруды ұсынудағы қаражат негізін Банкте орналасқан «КазЭкспортГарант» шартты салымдары толтырады. Соның негізінде бір салымның экспорттық келісім-шарты 150 млн. теңгені құрайды, ал орналастыру мерзімі – 12 айға дейін.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін «КазЭкспортГарант»-қа мемлекеттік бюджеттен 1,5 млрд. теңге көлеміндегі бірінші транштық қаражат бөлінеді.

Аталмыш бағдарламаның қаржыландыруы аясында сатып алушылардың міндеттерін қамтамасыз ету үшін қазақстандық шикізаттық емес өнімді экспорттаушы кәсіпорындарының пайдасына шетелдік банкткер шығарған құжаттамалық акредативтер дәлел болады, яғни шарттар ұлттық экспортты қолдау бойынша экспорттаушы-креттеу агенттіктердің халықаралық тәжірибесіне толық сәйкес болады.

Бағдарлама қарастырған сауданы қаржыландыру механизмі келісімнің барлық жақтары үшін өзара ынтымақтастық негізінде қаланған. Қазақстандық экспорттаушы кәсіпорындар бағдарламаға қатысу арқасында өздерінің шетелдік сатып алушыларына экспорттық жетілдірудің тиімді төлеу шарттарын ұсынады, сонымен қатар сауданы шетелге жөнелту дерегі бойынша экспорттық жәрдемнің болуы да ұсынылады. Бағдарламаға қатысу үшін қазақстандық шикізаттық емес өнімді экспорттаушы кәсіпорындар Банктің кез келген бөлімшесіне немесе «КазЭкспортГарант»-қа жүгінулеріне болады.

«КазЭкспортГарант» туралы

«КазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы («Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ негізінде құрылған) «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ компаниясының тобына енеді және қазақстандық шикізаттық емес секторлық кәсіпорындарға коммерциялық және саяси тәуекелдерден экспорттық келісім-шарттарды сақтандыру жолымен, сондай-ақ қазақстандық банктер арқылы сауданы қаржыландыруды ұсыну сияқты көмек көрсетуде. «КазЭкспортГарант»-қа Moody’s Investors Service халықаралық агенттігі берген «Baa2» деңгейдегі кредиттік рейтингісі корпорацияның жоғарғы қаржылық сенімділігін дәлелдеп отыр. «КазЭкспортГарант» қызметі жөнінде толық ақпаратты корпорацияның www.keg.kz веб-сайтынан алуларыңызға болады

БТА Банкі туралы

«БТА Банкі» Акционерлік қоғамы – банктің қарапайым акцияларының 81,48% алып отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының тарапынан мемлекет негізгі акционері болып отыр. БТА Банкі қазақстандық банктік негізде жүйе құраушы маңыздылығын және нарықта банктік қызмет көрсетуде алдыңғы қатарлы орынды алып отыр.

БТА Банкінің аймақтық бизнесті дамытуға көп жылдық бағыттылығы қазақстандық банктер арасында кең ауқымдағы филиалдық желіні көтеруге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда БТА Банкінің филиалдық желісі 22 филиал мен 227 бөлімшені есептеуде және Қазақстанның барлық аймақтарын қамтып отыр. БТА Банкінің жоғары түрдегі бәсекелестігі оның клиенттік базасының көлемімен қазақстандық банктердің арасында ең ауқымды көрсеткішін дәлелдеп отыр. Қазіргі кезде БТА Банкі 1,2 млн. жеке және 132 мың корпоративті клиенттерге қызмет көрсетуде. БТА-ның қызмметі жөнінде толық ақпаратты банктің www.bta.kz сайтынан ала аласыздар.

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 24 26, 261 89 28
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz