Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Жаңа жылда - жаңа қуаныш

30.12.2010

БТА Банкінің салымшысы – алматылық зейнеткер Кинашева Наталья Жаңа 2011 жылды миллионер болып қарсы алады деген сөйлем жолдарын оқығанда, ойыңа - «Жаңа жылда армандаған арманыңа, қалаған затыңа қол жеткізе аласың»,- денген нақыл сөз есіңе түседі. Ал мұның барлығы Наталья Михайловнаға қуаныш әкелген тоқсан сайын «Формула Успеха» және «Пенсионный» депозиттерінің салымшылары арасында өткізілетін сыйлық ұтысының арқасында.

Кинашева Наталья ешқашан тағдырға сенбей, тек өзінің қайратты еңбегінің арқасында алдына қойған мақсаттарға жетіп жүрді. Бүгінгі күні белсенді өмірлік көз-қарастың арқасында өзінің 63 жасынан жас көрінеді және зейнеткерлік жаста болса да жоба институтында бөлім бастығы қызметін атқарып отыр.

Алты жыл бұрын «жинақталған қаражатты қайда сақтау керек» деген сұрақ туындаған кезде Наталья Михайловна көп ойланбастан өзі тапқан қаражатын БТА Банкіне сеніп тапсырды. Салымшы - «Мен банктің жетістігі жоғары екендігін білемін және «Формула Успеха» депозитінің шарттары да қызықтыра түскен болатын» - деп есіне түсіруде.

Наталья Кинашева «Формула Успеха» және «Пенсионный» депозиттері арасында тоқсан сайын сыйлық ұтысы өтетінін естіген бірақ басты сыйлық тұрмақ, қарапайым қаржы ұтысы туралы мүлдем ойламаған екен. Сондықтан да болар, Наталья Михайловнаға банктен қоңырау шалып миллион теңге ұтып алғандығы жөнінде хабарлағанда, бастапқыда сенбей қойғаны. «Мен кезекті ойын немесе қалжың» екен деп тұжырымдадым, «өмірімде бірінші рет аяқ астынан осындай үлкен соманы жеңіп алам деп кім ойлаған»,- деп күледі зейнеткер.

Наталья Михайловнамен құрған сұхбаттан кейін оны бақытты қылатыны миллион теңге емес, керісінше үлкен және тату отбасы – сүйікті қосағы мен екі бой жеткен қыздары екенін түсіндік. Израйльде Тель-Авиваға жақын маңда тұратын қызына, өзінің жақсы көретін немерелеріне Кинашева Наталья отбасымен бірге қонаққа барады, ал үлкен сомадағы қаржылық ұтысы осы сапарда өздрінен ештеңеден тарықпауларына көмектеседі деген үміттеміз.

Наталья Михайловна БТА Банкіне осындай керемет сыйлық сыйлағаны үшін шексіз алғысын білдіріп, осы күн аралығында болып жатқандардың барлығын «жаңа жылдық ертегі» деп атап отыр. Өмірге тек жақсы көзқараспен қарайтын Наталья Михайловна БТА Банкін тек жақсылықтар күтіп тұрғанына сенеді және жаңа жылда ізгі істер мен құт-береке тілейді.