Жаңалықтар
| 2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
| қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
«РА Қазақстан Сарапшы» Рейтингтік агенттігі (RAEX) «БТА Банкі» АҚ кредиттік қабілеттілік рейтингін B+ деңгейінде және облигациялар сенімділік рейтингін B+ деңгейінде растады
18.08.2014 11:46:38
«РА Қазақстан Сарапшы» рейтингтік агенттігі (RAEX) «БТА Банкі» АҚ кредиттік қабілеттілік рейтингін B+ деңгейінде (кредиттік қабілеттілігінің жеткілікті деңгейі) және оның облигациялар (ISIN - XS0867573890/XS0867478124) сенімділік рейтингін B+ деңгейінде (сенімділіктің жеткілікті деңгейін) растады.
Рейтинг деңгейіне меншікті капиталдың жеткілікті жоғарғы деңгейі (01.01.14 ж. K1-2 = 25%, K2 = 27,7%), ірі кредиттік тәуекелдердің жоғары түрленуі, несие портфелі бойынша қорда сақтаудың тиімді деңгейі (01.01.14 ж. қорда сақтау коэффициенті мен нашар несие үлестері арасындағы дельта - 5,2 т.) оң әсер етеді. Сондай-ақ агенттік талдаушылары бағалы қағаздардың жоғарғы сапасын және банктің дамыған филиал желісін атап өтеді.
Рейтинг деңгейін шектейтін факторлар несие портфелінің жоғарғы салалық шоғырлануы, тиімділіктің теріс көрсеткіштері (2013 жылы ROA = -0,03%, ROE = -0,19%) және қабылданатын валюталық тәуекелдердің жоғарғы деңгейі (01.01.14 ж. барлық валюталар бойынша АВП- 21,5%) болып табылады. Рейтинг деңгейін төмендететін өзге факторлар өтімділік коэффициенттерінің төменгі көрсеткіштері, кепілдегі мүліктің жеткіліксіз сақтандырылмауы, сондай-ақ кадрлардың маңызды тұрақтамауы болып табылады.
«Ағымдағы жылы банктің меншік иелері ауысты, бұл бизнес-үлгісінің ауысуына және операциялық және қаржы қызметіне байланысты тәуекелдердің өсуіне әсер етуі мүмкін. Аталмыш фактор агенттікпен теріс бағаланып отыр», - дейді «РА Қазақстан Сарапшы» Рейтингтік агенттік (RAEX) бөлімінің басшысы Жанадиар Раисова.
01.04.14 ж. ҚР ҰБ рэнкингіне сәйкес Банк активтердің мөлшері бойынша 3-орынға және ҚР ЕДБ арасында несие портфелінің мөлшері бойынша 2-орынға ие болды. ҚР ҰБ деректері бойынша банк активтері 1 551,6 млрд теңгені, меншік капиталы - 234,6 млрд теңгені құрады.
http://www.banker.kz/topic/48442-akspert-ra-kazahstan-raex-podtverdil-reiting-kr

