Главная

Жаңалықтар

2020 2019 2018 2017 2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар 

2019 жылдың 26 желтоқсанда өткен «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс бетпе-бет жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары туралы

10.01.2020 14:02:21

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 51-бабына сәйкес, «БТА Банкі» АҚ, мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Самал-2» шағын ауданы, № 97 үй, Конференц-зал, 12-ші қабат, сағ.10:40-тан 10:55-ке дейін 2019 жылдың 26 желтоқсанда өткен, «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс бетпе-бет жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары туралы хабарлайды.

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер және дауыс беру қорытындыларын (нәтижелерін) көрсете отырып, акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған шешімдер:
«БТА Банкі» АҚ кезектен тыс бетпе-бет жалпы жиналысының  күн тәртібіндегі сұрақтар:
1. «БТА Банкі» АҚ Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы».

2. «БТА Банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің жекелеген мүшелеріне сыйақыларды төлеу мен шығыстарды өтеу мөлшері мен шарттарын анықтау туралы».

1. «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс бетпе-бет жалпы жиналысының  күн тәртібіндегі сұрақ: «БТА Банкі» АҚ Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы». 
Акционерлердің жалпы жиналысы қабылдаған шешім және дауыс берудің қорытындысы (нәтижесі):
1. Осы Шешімнің №1 қосымшасына сәйкес «БТА Банкі» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін.
2. «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасына немесе «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы тұлғаға «БТА Банкі» АҚ  Жарғысына Өзгерістер мен толықтыруларға қол қою бойынша өкілеттіктер берілсін.

«БТА Банкі» АҚ дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 3 056 735 804 478. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу үшін тіркелген акционерлердің жалпы дауыс саны 3 052 687 772 296 құрайды. «Қолдаймын» – 3 043 234 922 327, «Қарсымын» – 9 452 849 251, «Қалыс қалды» – 718, дауыс беруге қатыспағандар саны – 0. Бұл Шешім дауыс беруге қатысатын, «БТА Банкі» АҚ дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылданды.

2. «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс бетпе-бет жалпы жиналысының  күн тәртібіндегі сұрақ: «БТА Банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің жекелеген мүшелеріне сыйақыларды төлеу мен шығыстарды өтеу мөлшері мен шарттарын анықтау туралы». 
Акционерлердің жалпы жиналысы қабылдаған шешім және дауыс берудің қорытындысы (нәтижесі):
«Осы Хаттаманың № 2 қосымшаға сәйкес «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің жекелеген мүшелеріне сыйақыларды төлеу мен шығыстарды өтеу мөлшері мен шарттары белгіленсін».  