Главная

Жаңалықтар

2020 2019 2018 2017 2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар мамыр 

Клиенттерге арналған ақпараттық мәлімет

18.05.2020 08:48:18

«БТА Банкі» АҚ 26.02.2020 ж. бастап сенімхаттар және өтеу хаттарын қайтадан ұсыну үшін келесі мөлшерде төлемнің бекітілгендігін хабарлайды:

1. кепілді өтеу хаттарын жеке тұлғаларға қайтадан дайындау және ұсыну/жіберу үшін   – 2000 теңге;

2. кепілді өтеу хаттарын заңды тұлғаларға қайтадан дайындау және ұсыну/жіберу үшін   – 5000 теңге;

3. кепілді ауыртпалықтан босату үшін сенімхаттарды жеке тұлғаларға қайтадан дайындау және ұсыну үшін – 5000 теңге;

4. кепілді ауыртпалықтан босату үшін сенімхаттарды заңды тұлғаларға қайтадан дайындау және ұсыну үшін – 10000 теңге.

Төлем деректемелері:

БТА БАНКІ АҚ

БСН 970140000241

ҚАЗАҚСТАН, АЛМАТЫ Қ.

Кбе 15

Шот KZ216017131000001255

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

SWIFT/БСК  HSBKKZKX "

Кепілді өтеу хаттарын және Ауыртпалықтан босатуға сенімхаттарды қайтадан ұсыну үшін құжаттар тізбесі

1.     Жеке тұлғалар:

·         «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының атына Кепілді өтеу хаттарын және Ауыртпалықтан босатуға сенімхаттарды қайтадан ұсыну  туралы өтініш (кепілзатты, орналасқан жерін, Кепіл шартын көрсету (егер белгілі болса), міндетті түрде байланыс тұлғасы, телефон, құжаттарды алушының мекенжайы (жазбаша төменде ұсынылған деректемелер бойынша төлем туралы қолхат/ өтініш және түбіртекті ұсыну)

·         Кепіл берушінің/Кепіл берушінің Сенімді тұлғасының жеке куәлік көшірмесі;

·         Ауыртпалықтан босату бойынша өкілеттігі ұсынылған өз өкіліне Кепіл берушінің нотариалды куәландырылған сенімхаты (сенімхат мерзімі ағымдағы күннен көп болуы тиіс, өкілеттіктерінде «БТА Банкі» АҚ ауыртпалықтан босату үшін» деген тұжырымы көрсетілуі тиіс);

·         Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және ауыртпалықтар туралы анықтама/ЖПБ үзінді/Тіркелген жылжымалы мүлік бойынша ақпараттық анықтама;

·         Кепіл шартының көшірмесі (болған жағдайда).

2.     Заңды тұлғалар:

·         «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының атына Кепілді өтеу хаттарын және Ауыртпалықтан босатуға сенімхаттарды қайтадан ұсыну  туралы өтініш (кепілзатты, орналасқан жерін, Кепіл шартын көрсету (егер белгілі болса), міндетті түрде байланыс тұлғасы, телефон, құжаттарды алушының мекенжайы (жазбаша төменде ұсынылған деректемелер бойынша төлем туралы қолхат/ өтініш және түбіртекті ұсыну)

·         Басшының өкілеттігін растайтын құжаттар (Директорды тағайындау туралы бұйрық);

·         Басшының мөрімен және қолтаңбасымен ауыртпалықтан босатуға өкілеттік берілген компанияның сенімхаты, оның әрекет ету мерзімі ағымдағы күннен көп болуы шарт (сенімді тұлғаны Өтініште көрсетуге жол беріледі);