2020 жылғы 19 мамыр АҚШ Округтік соты Нью-Йорктің оңтүстік округі бойынша «БТА Банкі» мен «Алматы қ. әкімдігінің пайдасына сот қаулыларын бұзғаны, жалған мәліметтер ұсынғаны және сот даулары аясында тиісті айғақтарды және дәлелдерді қасақана жойғаны үшін Ильяс және Виктор Храпуновтарға жаза қолдану туралы шешім шығарды.
Естеріңізге сала кетейік, Нью-Йорк сот даулары АҚШ ұрланған ақшаларды жылыстату бойынша М.Әбілязовқа және оның сыбайластарына қатысты төрт жыл бұрын басталған еді.
Сотпен дәлелдерді ашу бойынша Храпуновтардың қасақана «мысық-тышқан ойыны», сондай-ақ олармен сот ережелерін және өздерінің міндеттерін толығымен сақтамағаны үшін Сот мұндай әрекеттің жазаланатындығын БТА-ға мәлімдеді.
Храпуновтар дәлелдерді бұрмалаумен айналысқан, яғни: жоғалған электронды хаттарға қатысты Ильястың «ерекше» ақталуы, банктік шоттар/активтер бойынша қандай да бір қаржылық есептерді ұсынудан бас тартуы, талапкерлермен талап арызда сұралған белгілі бір ақпаратты есінде жоқтығы туралы сотты әдейі адастыруы және тағы басқалар жатады…
Бұрын 2019 жылғы шілдеде осыған ұқсас жазалар Сотпен дәлелдерді ашу барысында құжаттарды ұсынудан бас тартқан М.Әбілязовқа қатысты қолданылған.
Орын алған бұзылыстарға байланысты Сот Храпуновтарға қорғаушылардың қызметтерін төлеуді міндеттеді. Сонымен қатар Сот Храпуновтарды сотқа жаңа құжаттар ұсыну құқығынан айыру туралы қаулы шығарды, ал алқабилерге «Ильястың дәлелдерді қасақана жойғандығы және жойылған дәлелдер талап-арыздың растамасы болуы мүмкіндігі туралы» нұсқау беріледі.
Бүкіл әлем бойынша әртүрлі соттармен М.Әбілязовтың заңсыз жолмен жалған кредиттер беру арқылы БТА-ның миллиард доллар ақшасын ұрлағандығы расталды, осы әрекеті үшін Қазақстанда сот үкімі шығарылды, сонымен қатар Англия соттарында кінәлі деп танылды. АҚШ-та дауларды қарау барысында талапкерлер М.Әбілязовтың қылмысы бойынша қосымша маңызды дәлелдер ұсынды және бірқатар куәгерлердің түсініктемелерімен қамтамасыз етті.
*****
БАҚ үшін байланыстар:
БТА Банкі
Эльдар Шамсутдинов/Баспасөз қызметінің жетекшісі
Электрондық пошта:
eshamsutdinov@bta.kz; press@bta.kzТелефон: +7(777)710 7768
Вебсайт:
www.bta.kz