Жаңалықтар
2020 | 2019 | 2018 | 2017 | 2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | мамыр | тамыз |
АҚШ соты БТА Банкінің пайдасына шешім қабылдады
07.08.2020 18:40:002020 жылғы 05 тамызда АҚШ Оңтүстік округінің Нью-Йорк округтік соты аффилиирленген панама компаниялары тобының облигация ұстаушыларына қарсы дауда БТА пайдасына қаулы шығарды: Atlantica Holdings Inc, Baltica Investment Holding Inc, Blu Funds Inc.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «БТА Банкі» АҚ және облигацияларды ұстаушылар арасындағы дау сегіз жыл бұрын басталған еді. 2012 жылы кредиторлар, облигация ұстаушылар БТА-ның бұрынғы мажоритарлық акционері – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-на қарсы алғаш рет талап қойды. Кейінірек 2013 жылы ұқсас талап-арыз «БТА Банкі» АҚ қойылды.
Талапкерлер БТА және «Самұрық-Қазына» ұсынған 2010 ақпараттық меморандумына сүйене отырып, БТА-ның реттелген облигацияларын сатып алғандығын мәлімдеді. Алайда талапкерлердің растамасы бойынша құжатта бұрмаланған және толық емес ақпарат болды, инвесторлар соған негізделе отырып, күтілген табыс емес, 2012 жылы БТА борышын қайта құрылымдаудан шығын алды.
Сот БТА ұсынған деректерді ескеріп, облигация ұстаушылардың барлық талап-арыздарын қабылдамады. Сот «Самұрық-Қазына» мен БТА-ның 2010 жылғы осы кезеңде қайта құрылымдау БТА-ға өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік беретіні туралы мәлімдемесі «стандартты болжамды өтініштер» және «кредиторларды іс-әрекетке шақырған жоқ» екенін анықтады. Сондай-ақ сот «бірде-бір саналы инвестор» БТА-ның бағалы қағаздары туралы басқа да мәлімдемелерді жаңылыстырушы ретінде санамайды деп шешті.
Сот талапкерлер өздерінің инвестициялық шығындары ақпараттың бұрмалануынан туындағаны туралы дәлелдер ұсынбады деп есептейді. Сондай-ақ олар өз шығындары мен БТА-да орналасқан «Самұрық-Қазына» депозиті туралы инвестициялық меморандумда орын алған қателіктер арасындағы тергеу-себептік байланысты көрсете алмады. Бұл ретте депозит туралы ақпарат «Самұрық-Қазына» және БТА Банкі сайттарында орналастырылған еді.
«Сот біздің пайдамызға шешім шығарғаны және БТА-ның, оның мажоритарлық акционері мен 2010 және 2012 жылдары БТА-ны қайта құрылымдауда оларға көмектескен көптеген кәсіпқойлардың орасан зор күш-жігері БТА облигацияларын ұстаушыларға зиян келтірмегенін мойындағаны үшін ризамыз», - деді Джейсон Винья. БТА атынан өкілдік ететін Katten Muchin Rosenman LLP заң фирмасының серіктесі.
БТА өкілі, атқарушы директор Ренат Салыкбаев өз кезегінде АҚШ соты мен сот жүйесіне оның бейтараптылығы мен әділдігі үшін алғысын білдірді:
«БТА командасы барлық күш-жігерін салып, өз құқықтарын дәлелдеді».
*****
БАҚ үшін байланыстар:
БТА Банкі
Эльдар Шамсутдинов/Баспасөз қызметінің жетекшісі
Электрондық пошта: eshamsutdinov@bta.kz; press@bta.kz
Телефон: +7(777)710 7768
Вебсайт: www.bta.kz