Главная

Жаңалықтар

2022 2020 2019 2018 2017 2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар 

АҚШ Апелляциялық Соты БТА Банкі пайдасына шешім қабылдады

31.01.2022 11:30:25

2022 жылғы 18 қаңтарда АҚШ-тың Екінші округінің Апелляциялық Соты Atlantica Holdings Inc, Baltica Investment Holding Inc, Blu Funds Inc сияқты аффилирленген панама компаниялар тобымен ұсынылған банк облигация ұстаушыларына қарсы ұзаққа созылған дау бойынша «БТА Банкі» АҚ пайдасына шешім шығарды:

2012 жылы аталмыш облигация ұстаушылары сотқа БТА-ның бұрынғы мажоритарлы акционері - «Самұрық-Қазына» ҰБҚ» АҚ қарсы сотқа шағымданған еді. Кейінірек, 2013 жылы осыған ұқсас талап арыздар БТА ұсынылған болатын.

Талапкерлер, БТА және «Самұрық-Қазына» ұсынған 2010 жылғы Ақпараттық меморандумды негізге алып, БТА субординарлы облигацияларын сатып алғандығын мәлімдеді. Бірақ талапкерлердің мәлімдемеделері бойынша құжат шынайы емес және толық емес ақпаратты құрайды, осының негізінде инвесторлар күтпеген кіріске ие болды, ал 2012 жылы борышты қайта құрылымдау салдарынан БТА шығынға ұшырады.

2020 жылғы тамызда АҚШ-тың Нью-Йорк Оңтүстік округ соты БТА-ның пайдасына қысқартылған сот ісі тәртібімен шешім қабылдады, бұл ретте банк тарапынан инвесторларға маңызды ақпарат ұсыну бойынша ешқандай кемшіліктер жіберілмегендігі анықталды және осындай кемшіліктер жіберілген жағдайда, талапкерлер осы туралы дәлелдер ұсына алмағандығы анықталды. Сонымен қатар сот, ешқандай инвестор шатастыратын БТА бағалы қағаздары туралы басқа да мәлімдемелерді қабылдамайды деп шешті.

Сот, талапкерлер олардың инвестициялық шығындары ақпаратты бұрмалаумен туындағандығын дәлелдей алмады деп шешті. Сонымен қатар олар БТА орналастырған «Самұрық-Қазына» депозиті туралы инвестициялық меморандумда жіберілген кемшіліктер мен өздерінің шығындары арасындағы дәлелді-себепті байланысты көрсете алмады. Бұл ретте аталмыш депозит туралы аөпарат Самұрық-Қазына және БТА Банкінің сайттарында жарияланған.

18 қаңтарда апелляцияны қарау кезінде талапкерлер Округ Сотының дәлелдерді анықтау барсындағы қателері туралы мәлімдеді. Апелляциялық Сот талапкерлердің мұндай бекітулерімен келіспей, БТА-ның осы істе толықтай жеңіске жетуіне мүмкіндік берді.

Сот процесіне жетекшілік ететін «БТА Банкі» АҚ Атқарушы директоры Ренат Салыкбаев: «Біз Апелляциялық Сот дұрыс әрі әділ шешім қабылдайды деп сендік және осы жеңісімізге өте қуаныштымыз» деп мәлімдеді.

БТА Mintz, Levin, Cohn, Ferris, Glovsky, және Popeo P.C. адвокаттық фирмалардың заңгері Джейсон Виньяның танытуында ұсынылды.

БАҚ арналған байланыс:

Эльдар Шамсутдинов/Банкі АҚ Баспасөз-қызметінің басшысы

Электронды пошта: eshamsutdinov@bta.kz; press@bta.kz

Телефон: +7(747) 264 08 04

Вебсайт: www.bta.kz