Главная

Жаңалықтар

2022 2020 2019 2018 2017 2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз шілде 

Америкалық Төрелік сот қауымдастығы Қазақстан Республикасы, Алматы қаласының әкімдігі мен БТА Банкіне қатысты төрелік сот дауын тоқтатты

25.07.2022 08:38:41

Төрелік сот Трамптың бұрынғы көмекшісі Феликс Сатермен қозғалған сот дауын тоқтатты  

2022 жылғы 9 шілде Нью-Йорк қ. Америкалық төрелік сот қауымдастығы Қазақстан Республикасы Алматы қаласының әкімдігіне және «БТА Банкі» АҚ және олар тартқан кеңесшіге қатысты  Litco LLC компаниясының талап-арызы негізінде қозғалған барлық сот дауларын қарастыруды тоқтатты.

Төрелік сот талапкер Litco LLC компаниясының төрелік сот алымдарын төлеуді қоса алғанда, өз ісін жүргізу үшін қандай да бір әрекеттерді жүзеге асырмауына байланысты сот дауларын тоқтатты. Сот, 2022 жылғы ақпанда төлем жүргізілмеген жағдайда, талапкерге төрелік сот дауларының тоқтатылатындығын ескертті, талапкердің өз үлесін төлеу үшін соңғы мерзімді 2022 жылғы 7 шілде деп белгіледі, алайда талапкер төлем жүргізбеді. Жауапкерлер, соның ішінде Қазақстан Республикасы, Алматы қаласының әкімдігі мен БТА Банкі сот дауларын соңына дейін жүргізуге дайын болды және оларға тиесілі барлық төлемдерді төледі.

Төрелік сот даулары 2018 жылы Трамптың бұрынғы көмекшісі және АҚШ-та екі мәрте сотталған қылмыскер Феликс Сатерге тиесілі Litco LLC компаниясының өтініші негізінде қозғалған еді. Қазіргі уақытта Сатер Мұқтар Әбілязовқа, Ильяс Храпуновқа және оның сыбайластарына Қазақстаннан ұрланған ақшаны жымқыруға сыбайластық көрсеткені үшін  Нью-Йорктің Оңтүстік округі бойынша АҚШ округтік сотында қозғалған жеке іс бойынша айыпталуда. 2011 жылдан бастап ол АҚШ-тағы бірқатар «іскерлік» операциялар арқылы 40 миллион АҚШ доллардан астам ақшаны жымқыруға көмектескен. 2022 жылғы 11 шілдеде,  федералды сотына төрағалық етуші Г. Кельтл Джон Құрама Штаттарының округтік судьясы Сатердің талап-арызы «айқын жалған» екендігі туралы үкім шығарып, оны істен алып тастады.

АҚШ-тағы сот дауларында «БТА Банкі» АҚ ұсынатын Boies Schiller Flexner LLP Басқарушы серіктесі Мэтью Л. Шварцтың айтуы бойынша  Феликс Саттердің талап-арызы бойынша қозғалған істі тоқтату Қазақстаннан ұрланған ақша қаражаттарын қайтару бойынша сот дауларын жалғастыруға мүмкіндік береді.

 «Енді, төрелік сот Litco компаниясының талап-арызы негізінде қозғалған сот дауларын тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде, барлық қалған талап-арыздар дауларды қарастыратын қоғамдық орындарда қаралатын болады. Біз, Нью-Йорк сотының залында дәлелдерді ұсынамыз және маңызды дәлелдерге аса назар аудартқымыз келеді.», - дейді Boies Schiller Flexner LLP Басқарушы серіктесі Мэтью Л. Шварц.

Сонымен қатар, қазір АҚШ-та аталмыш тұлғалармен банктен ұрланған шамамен 70 миллион доллар мөлшерінде инвестиция жасаған Triadou SPV SA жалған компанияға қатысты БТА Банкінің талап-арызы қарастырылады. Осы бойынша істі қарау 2022 жылдың соңына белгіленді.