Жаңалықтар
2023 | 2022 | 2020 | 2019 | 2018 | 2017 | 2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
мамыр |
Мұхтар Әблязовті қамауға алу туралы қаулының мерзімін ұзарту туралы
30.05.2023 07:29:20БТА Банкі 2023 жылдың 20 сәуірінде Англияның Жоғарғы соты БТА Банкі Директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовті 2012 жылдың ақпанында сотты құрметтемегені үшін шығарған қамауға алу туралы қаулысын ұзартқанын хабарлайды.
Қамауға алу туралы қаулы Мұхтар Әблязовты Ұлыбританияға кірген жағдайда жазасын өтеу үшін полиция органдарына және/немесе сот қызметкерлеріне тұтқындауға және түрмеге жіберуге нұсқау беретін құжат болып табылады. Құжат екі жылға жарамды, содан кейін ол тағы бір мерзімге ұзартылады. Банк қаулы мерзімін ұзарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.
Тұтқындау туралы бастапқы қаулыны 2012 жылдың 16 ақпанында Англияның Жоғарғы соты шығарған. Мұхтар Әблязов бірнеше рет жалған айғақтар беріп, сотқа жалған құжаттар ұсынған, олар арқылы активтер мен операциялар Банктен жасырылған, сонымен қатар сот отырыстарына келмеген. Осыған байланысты сот Мұхтар Әблязовті сотты құрметтемегені үшін жалпы 22 айға түрмеге отырғызу туралы қаулы шығарды.
Қамауға алу туралы шешім Мұхтар Әблязовты оның барлық активтерін толығымен ашып көрсету, осы активтерге қатысты кез келген әрекетті тоқтату және сот шешімін бұза отырып, жауапкер жұмсап қойған/сатып үлгерген барлық активтерді қайтару туралы сот бұйрығын орындауға мәжбүрлеуге бағытталған.
БАҚ үшін байланыс:
Елдар Шамсутдинов, «БТА Банкі» АҚ баспасөз қызметінің басшысы
Электрондық поштасы: eshamsutdinov@bta.kz, press@bta.kz
Телефоны: +7 (747) 264 08 04