Жаңалықтар
2023 | 2022 | 2020 | 2019 | 2018 | 2017 | 2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
мамыр | шілде |
Пресс-релиз
08.07.2023 10:29:18Баспана құқы мәселелері жөніндегі ұлттық соттың Мұхтар Әблязовты босқын мәртебесінен айыру туралы шешім шығаруы себепті, оның өзін 30 күннің ішінде Франция аумағынан кетуге міндеттейтін құжат алғаны БТА Банкіге белгілі болды.
Алайда бұл ұйғарымды орындау мүмкін емес, өйткені тергеу судьясы Әблязовке қатысты сот бақылауы шарасын қолданып, оның елден шығуына тыйым салған болатын.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың 23 мамырында Францияның Кассациялық соты Әблязовке қатысты қылмыстық іс бойынша қылмыстық қудалау мерзімінің аяқталмағаны туралы қаулы қабылдаған болатын. Осы шешімнің нәтижесінде Әбілязовтың БТА банкіге қарсы жасаған алаяқтық және ақшаны жылыстату фактілері бойынша іс тергеу судьясына тергеуді жалғастыру үшін қайтарылды. Осылайша, Әблязов әлі Францияда тергеуде және оның бұл елден кетуге құқығы жоқ.
БТА Банкі әділ сот төрелігіне қол жеткізу үшін барлық қажетті шаралар қолдануда.