Главная

Жаңалықтар

2023 2022 2020 2019 2018 2017 2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 

03.08.2023
АМЕРИКА СОТЫ МҰХТАР ӘБЛИЯЗОВҚА БТА БАНКІНЕН АҚША ҰРЛАП, ОНЫ АҚШ-ТА ЖЫЛЫСТАТТЫ ДЕГЕН АЙЫП ТАҚТЫ
2023 жылдың 31 шілдесінде Нью-Йорктің Оңтүстік аймағы бойынша АҚШ-тың аймақтық сотының судьясы Джон Г. Кёльтл Triadou SPV SA-ға қарсы 193 миллион доллардан астам сомаға «БТА Банкі» АҚ пайдасына шешім шығарды. Сот шешімі алқабилердің 2022 жылғы желтоқсандағы үкімінен кейін шықты, оған сәйкес Triadou бөтеннің мүлкін заңсыз иемденгені және заңсыз байығаны үшін жауапқа тартылды. Алқабилердің үкімінен бөлек, судья іс материалдарымен танысып, өз шешімінің негіздемесін 66 бетте егжей-тегжейлі баяндап берді. Нәтижесінде сот БТА-ның Triadou-ға сенімгерлік меншікке және БТА қаражатын пайдалану нәтижесінде алынуы мүмкін кез келген қаражатқа қатысты талап арызын мойындады, сондай-ақ Triadou-ның бірқатар активтеріне қатысты БТА-ның талаптарын қанағаттандырды.

08.07.2023
Пресс-релиз
Баспана құқы мәселелері жөніндегі ұлттық соттың Мұхтар Әблязовты босқын мәртебесінен айыру туралы шешім шығаруы себепті, оның өзін 30 күннің ішінде Франция аумағынан кетуге міндеттейтін құжат алғаны БТА Банкіге белгілі болды.

30.05.2023
Мұхтар Әблязовті қамауға алу туралы қаулының мерзімін ұзарту туралы
БТА Банкі 2023 жылдың 20 сәуірінде Англияның Жоғарғы соты БТА Банкі Директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовті 2012 жылдың ақпанында сотты құрметтемегені үшін шығарған қамауға алу туралы қаулысын ұзартқанын хабарлайды.

24.05.2023
ПРЕСС-РЕЛИЗ
БТА Банкі 2023 жылғы 23 мамырда Франция Кассациялық соты БТА Банкінің апелляциясы бойынша Әбілязовқа қатысты қылмыстық іс бойынша қылмыстық істі қарау қудалау мерзімінің аяқталмағандығы туралы шешім шығарғандығын хабарлайды.

15.12.2022
АМЕРИКАНДЫҚ АЛҚАБИЛЕР СОТЫ АБЛЯЗОВТЫҢ АҚША ҰРЛАУ ЖӘНЕ АҚШАНЫ ЖЫЛЫСТАТУ ТУРАЛЫ ІСІ БОЙЫНША БТА БАНКІНЕ 218 МИЛЛИОН ДОЛЛАР АҚШ-тан АСТАМ АЙЫППҰЛ САЛУ ШЕШІМІН ҚАБЫЛДАДЫ
Үш апталық сот талқылауынан кейін Нью-Йорктің Оңтүстік округі бойынша Америка Құрама Штаттарының аудандық сотында отырған төрт еркек пен төрт әйелден тұратын алқабилер соты, бүгін Triadou SPV S. A.-ға қарсы барлық шағымдар бойынша "БТА Банкі" АҚ пайдасына шешім шығарды. Алқабилер БТА компаниясына 2013 жылдың ортасынан бастап есептелген, пайызбен 100 миллион доллардан астам өтемақы салды, нәтижесінде бұл үкімнің жалпы сомасын 218 миллион доллар құрады. Нью-Йорктің Оңтүстік округі бойынша АҚШ округінің соты, құрметті Джон г. Коэлтл процесті басқарды және бүгінгі шешімді қабылдады.

31.10.2022
НЬЮ-ЙОРК ФЕДЕРАЛДЫ СОТЫ МҰХТАР ӘБЛЯЗОВТЫ СОТТЫ ҚҰРМЕТТЕМЕДІ ДЕП АЙЫПТАЙДЫ
АҚШ-тың Нью - Йорктің Оңтүстік округі бойынша аудандық соты 2022 жылғы 24 қазанда талапкерлердің - "БТА Банкі" АҚ мен Алматы қаласының пайдасына және Мұхтар Әблязовтың сот бұйрықтарын бірнеше рет бұзғаны үшін дәлелдемелермен тыңдаулар өткізгеннен кейін түпкілікті шешім шығарды.

08.09.2022
Мұхтар Әбілязовты АҚШ соты оның барлық кіріс көздері мен активтерін ашуға міндеттеді
Мұндай шешімге американдық cот төрелігі Аблязовтың сот талаптарын бірнеше рет бұзуына байланысты келді.

25.07.2022
Америкалық Төрелік сот қауымдастығы Қазақстан Республикасы, Алматы қаласының әкімдігі мен БТА Банкіне қатысты төрелік сот дауын тоқтатты
Төрелік сот Трамптың бұрынғы көмекшісі Феликс Сатермен қозғалған сот дауын тоқтатты

11.03.2022
ПРЕСС-РЕЛИЗ
Нью-Йорктің Жоғарғы соты Мұхтар Әбілязовқа қарсы іс бойынша БТА Банкіне 7 миллиард АҚШ долларын берді.

21.02.2022
ПРЕСС-РЕЛИЗ
"БТА Банкі" АҚ ұйымның құрылымына шабуыл жасау бойынша қаскүнемдердің қаңтардағы әрекеттерінен кейін БТА Банкінің ішкі құрылымын бұзу бойынша қызметтік тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері барлық жүйелер штаттық режимде жұмыс істеп тұрғандығын, бұзу туралы ақпарат расталмағандығын көрсетті.

31.01.2022
АҚШ Апелляциялық Соты БТА Банкі пайдасына шешім қабылдады
2022 жылғы 18 қаңтарда АҚШ-тың Екінші округінің Апелляциялық Соты Atlantica Holdings Inc, Baltica Investment Holding Inc, Blu Funds Inc сияқты аффилирленген панама компаниялар тобымен ұсынылған банк облигация ұстаушыларына қарсы ұзаққа созылған дау бойынша «БТА Банкі» АҚ пайдасына шешім шығарды

27.11.2020
2020 жылғы 28 желтоқсанда өткен ашық дауыс беру арқылы шешім қаблданатын «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы ХАБАРЛАМА
«БТА Банкі» Акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ықшам ауданы, 97-үй, Директорлар кеңесінің шешіміне (2020 жылғы 27 қарашадағы №¬¬¬92 шешім) сәйкес ашық дауыс беру арқылы шешім қаблданатын «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыратындығын хабарлайды.

16.10.2020
2019 жылғы 02 қазанда өткен БТА Банкі АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының жылдық ашық отырысының дауыс беру қорытындылары туралы
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі 2019 жылғы 02 қазанда сағат 10:40 бастап сағат 11:20 (Нұрсұлтан уақыты бойынша) Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-2 ықшам ауданы 97-үй, 12-қабат мәжіліс залында өткен БТА Банкі АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының жылдық ашық отырысының дауыс беру қорытындылары туралы хабарлайды

01.09.2020
2020 жылғы 02 қазанда ашық дауыс беру арқылы шешім қаблданатын «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы ХАБАРЛАМА
«БТА Банкі» Акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ықшам ауданы, 97-үй, Директорлар кеңесінің шешіміне (2020 жылғы 01 қыркүйектегі №¬¬¬65 шешім) сәйкес ашық дауыс беру арқылы шешім қаблданатын «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыратындығын хабарлайды.

07.08.2020
АҚШ соты БТА Банкінің пайдасына шешім қабылдады
2020 жылғы 05 тамызда АҚШ Оңтүстік округінің Нью-Йорк округтік соты аффилиирленген панама компаниялары тобының облигация ұстаушыларына қарсы дауда БТА пайдасына қаулы шығарды: Atlantica Holdings Inc, Baltica Investment Holding Inc, Blu Funds Inc.

21.05.2020
АҚШ округтік соты Ильяс және Виктор Храпуновтарға қатысты шешім шығарды
2020 жылғы 19 мамыр АҚШ Округтік соты Нью-Йорктің оңтүстік округі бойынша «БТА Банкі» мен «Алматы қ. әкімдігінің пайдасына сот қаулыларын бұзғаны, жалған мәліметтер ұсынғаны және сот даулары аясында тиісті айғақтарды және дәлелдерді қасақана жойғаны үшін Ильяс және Виктор Храпуновтарға жаза қолдану туралы шешім шығарды.

18.05.2020
Клиенттерге арналған ақпараттық мәлімет
«БТА Банкі» АҚ 26.02.2020 ж. бастап сенімхаттар және өтеу хаттарын қайтадан ұсыну үшін келесі мөлшерде төлемнің бекітілгендігін хабарлайды:

10.01.2020
2019 жылдың 26 желтоқсанда өткен «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс бетпе-бет жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары туралы
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 51-бабына сәйкес, «БТА Банкі» АҚ, мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Самал-2» шағын ауданы, № 97 үй, Конференц-зал, 12-ші қабат, сағ.10:40-тан 10:55-ке дейін 2019 жылдың 26 желтоқсанда өткен, «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс бетпе-бет жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары туралы хабарлайды.

26.11.2019
2019 жылғы 26 желтоқсанда ашық дауыс беру арқылы шешім қабылданатын «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы ХАБАРЛАМА
«БТА Банкі» Акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ықшам ауданы, 97-үй, Директорлар кеңесінің шешіміне (2019 жылғы 26 қарашадағы №¬93 шешімі) сәйкес ашық дауыс беру арқылы шешім қаблданатын «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыратындығын хабарлайды

22.11.2019
«БТА Банкі» АҚ өтініші бойынша Ильяс Храпуновқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Женева Прокуратурасымен БТА Банкінің бұрынғы иесінің күйеу баласы Ильяс Храпуновқа қатысты қылмыстық іс қаралуда. Ол БТА Банктен ұрланған қаражаттардың ізін жасырды деп айыпталады.